Ақтөбелік дәрігерлер қыс айларында шаңғы тебуді үрдіске айналдырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік дәрігерлер Денсаулық саябағына жиналып, қыс айларында шаңғы тебеді. Салауатты өмір салтын ұстануға шақырған 200 дәрігер бір мезетте дене шынықтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

null

Тәуелсіздік күні Ақтөбеде «Дәрігерлер шаңғы жолында!» атты акция өтті. Дәрігерлерге балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қосылып, қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жазда футбол ойнап, спортты қолдайтын ақ халаттылар қыс айларында саябақта шаңғы тебеді. Белсенділер құрал-жабдықтың бәрін алдын ала сатып алған.

null

 «Алдына келген науқасты емдейтін дәрігер көпке үлгі болуы керек. Сондықтан біз Денсаулық саябағына барып, үнемі дене жаттығуын жасау, шаңғы тебу, скандинавиялық жүрістің үлгісін көрсетеміз. Кез келген қала тұрғыны біздің қатарымызға қосылып, дәрігерлерден кеңес ала алады. Ақтөбе медициналық орталығының ұжымы да сол қатардан табылды. Біздің ұжымдағы дәрігерлер мен меддицина қызметкерлері белсенді, кейбірі өзіне ұнаған соң шаңғы тебуге қажетті құралдарды сатып алды»,- деді Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігері
Айта кетейік, ақтөбелік дәрігерлер қыста шаңғы тебуді үрдіске айналдырды. Әр ұжым жұмыс уақытынан тыс уақытта бірлесіп қысқы спорт түрлерімен айналысады. Ал жазда футбол, волейбол ойнап, шахмат, дойбы, үстел теннистен жарысқа түседі. Күз бен көктемде денсаулыққа аса пайдалы скандинавиялық жүріс жолына шығады. 

null null null null 

Соңғы жаңалықтар