Ақтөбелік 8 жасында Қазақстанның рекордтар кітабына енді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік оқушы Муса Туркумбаев Қазақстанның рекордын орнатты. Ол 42 рет турникке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде мектеп оқушысы Муса Туркумбаев бұған дейін де 55 рет турникке тартылып, 1600 рет кеудені жерден көтеріп өз рекордын жаңартқан. Енді 8 жастағы бала бұл рекордтық көрсеткішін әлем алдында дәлелдемек. Бұған дейін хабарлағанымыздай, мектеп оқушысы 3 жасынан бастап спортпен шұғылданды. 

«Муса 2017 жылдың желтоқсан айында Қазақстан рекордын орнатты. Бұл бейнеролик үйіміздің ішінде түсірілді. Ол 42 рет турникке тартылды. Арада бір ай өткенде сол рекордтық көрсеткіштің сертификаты қолымызға түсті. Муса Қазақстан рекордтар кітабына енді. Алда үлкен белес бар. Біз әлем рекордын орнатқымыз келеді»,- деді Мусаның әкесі Асхат Туркумбаев.
null 

Айта кетейік, Муса Туркумбаев әлем рекордын жаз айларына жасауы мүмкін. Қазір ол жан-жақты дайындалып жүр.
null 

null 

Соңғы жаңалықтар