Ақтөбелік 35 жылдан бері Аяз ата болып келеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік тұрғын 35 жылдан бері Аяз ата болып, жаңа жылды әртүрлі жерде қарсы алып жүр. Ол Жаңа жыл мерекесінде мамандығын өзгертіп, балаларға қуаныш сыйлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының 52 жастағы тұрғыны Марат Хамидов бүгін Аяз ата киімін киіп, орталық саябақта адамдарға қуаныш сыйлап жүр. Жыл сайын желтоқсанда Аяз ата киімін киіп, ақ сақалды, қызыл шапанды қарияға айналады.

«Аяз ата болып киіну мен үшін хобби, қызықты кәсібім. Адамдарға қуаныш сыйлау маған ұнайды. Мамандығым теміржолшы, қазір кедендік компанияда сарапшы болып жұмыс істеймін», - дейді Марат Хамидов.

Ол 1982 жылдан бастан Жаңа жыл мерекесінде Аяз ата болады. Мектеп жасынан бастап ала таяғын ұстап, алыстан келіп, балаларды қуантады. Түрлі ұжымдық кештерге қатысып, ересектердің де тілегін тыңдайды. Биыл ол 9 желтоқсаннан бастап Аяз ата киімін киді. Ал 26 желтоқсаннан бастап ұжымдық кештерге барып, түнгі жұмысқа шықты. Марат Хамидовтың жұбайы Альмира бұл жұмысты қолдайды, жанында Ақшақар болып, еңбек етті. Соңғы жылдары екі адамның ортақ шешімімен Ақшақардың қызметіне радио жүргізушісі алынды.

«Жаңа жыл түні мен халыққа қуаныш сыйлаймын, ал әйелім Альмира жанымда жүреді»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар