Ақтөбедегі төтенше жағдайлар қызметі қысқы жылыту бекеттерін екі есеге көбейтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі төтенше жағдайлар қызметі биыл қыс қатты болады әрі ұзаққа созылады деген болжаммен дайындықты күшейтті. Өңірдегі жылыту бекеті еке есе көбейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыс-2017» республикалық оқу-жаттығуы биыл Ақтөбеде өтеді. Қар тазалау техникалары таныстырылып, қар құрсауында қалған адамдарды құтқару, теміржолдағы атап кезінде жедел әрекет жасау, газ құбырының жарылуы мен тесілуі кезінде қауіпсіздік шарасын күшейту оқу-жаттығуы арнайы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, тікұшақтардың жұмысы тексеріледі. Бұл арнайы қызмет өкілдері үшін ғана емес, қарапайым адамдар үшін қажетті жаттығу. Себебі, құтқарушылардың ескертуіне мән бермеген тұрғындар қар құрсауында қалған кезде қарапайым өзін-өзі құтқару ережелерін білмейді.

«Қыста құтқару жұмыстарын 37 бригада жүргізеді. Құрылған топ ішінде 1 мыңнан астам адам, 500 техника бар. Қыста ескертулерге құлақ аспай, жолға шығып кететін адамдар көп. Енді жылыту орындарының саны екі есеге артты. Сонымен қатар, жылжымалы жылыту орындары көбейеді. Кез келген жолда жүре алатын техникаларда адамдардың өмірін сақтап қалуға арналған барлық жабдық болады. КаМАЗ көлігі де адамдарды тасымалдайы, іші жылы болады. Автобустар да жылжымалы жылыту орны бола алады»,- деді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов.

Төтенше жағдайлар қызметі синоптиктерден аладын ала мәлімет алды. Биыл қыс қатты әрі созылмады болады. Ақтөбеге көктем кеш келеді деген болжам жасалған соң аудандардағы техникалар мен жылу орындарын қарап, тексеретін арнайы комиссия құрылады. Инертті материалдарды жеткізу жұмысы жүреді.

«Төтенше жағдайлар комитетіне қарайтын «Қазавиақұтқару» мекемесінде бір тікұшақ бар. Әуежайда арнайы ангар салынған. Санавиация да жұмыс істеп тұр. 2017 жылдағы көктемгі су тасқыны кезінде үш күнде бірнеше рет ұшып, аумақты тексеріп шықтық. Тікұшақтың көмегі зор. Облыста өзге мекемелердің де тікұшағын қажет кезінде пайдалана аламыз», - деді Бауыржан Сыздықов. 

Соңғы жаңалықтар