Ақтөбедегі тәрбиешілер арасында психологиялық, норкологиялық диспансердің тізімде тұрғандар анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Патронаттық тәрбиешілер арасында жүйке жүйесі сыр бергендер мен есірткіге тәуелділер болған. Бұл деректі Ақтөбе облысының прокурорлары анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының прокуратурасы жетім балалардың құқығын қорғау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп, бірнеше заңсыздықты анықтады. Тексеру кезінде патронаттық тәрбиешілер мен қорғаншылар өз міндеттерін толық орындамағаны белгілі болды.

«Патронаттық тәрбиеге берілген балалар тәрбиешілерінен бөлек тұрған анықталды. Оларды жасөспірімдерді уақытша бейімдеу орталығына жеткізген. Бұл кезде әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Дәл осы дерекке қарамастан тәрбиешілер ай сайын орта есеппен 60 мың теңге жалақы алып отырған. Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі патронаттық тәрбиешілерді бақылауды дұрыс жүргізбеген. Салдарынан тәрбиешілер арасында бұрын сотталған, психологиялық, наркологиялық диспансерде есепте тұрған адамдардың бар екенін анықталды»,- деді Ақтөбе облысы прокуратурасының апппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев.

Сонымен қатар, прокурорлар тексеру жұмыстары кезінде 34 тәрбиеленушінің мүліктік құқығын қорғап қалды. Кәмелет жасқа толмаған 21 тәрбиеленушіге алимент өндіріліп, 7 жасөспірімнің мүліктік құқығы сақталды. Олар кәмелет жасқа толғанша пәтері сақталады. Барлығы 2 бала кәмелет жасқа толғанша мүлікті жалға беруден түскен қаржысын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі арнайы шотына жинай алады. Прокуратураның тексеру жұмыстарынан соң әлеуметтік саланың 8 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды. 

Соңғы жаңалықтар