Ақтөбедегі орталық стадионда ресми ойындарды өткізуге тыйым салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол федерациясының және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының бірлескен комиссиясы Ақтөбе қаласының Қобыланды батыр атындағы орталық стадионды тексерістен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына сілтеме жасап.

Тексеріс барысында ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты алаңның табиғи төсеніші ресми ойындарды қабылдауға дайын еместігі анықталды.

Отырыстағы деректер негізінде, Алаңдарды тексеру жөніндегі бірлескен комиссия ҚФФ және ҚКФЛ аясында өтетін барлық ресми ойындарды Ақтөбе қаласының Орталық стадионында өткізуге тыйым салды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Алаңдарды тексеру комиссиясы Ақтөбе қаласындағы жасанды төсеніші бар ОДЮШОР стадионында ресми ойындарды өткізуге тыйым салған еді. Бұл шешім әлі күнге дейін өзгертілген жоқ.

«Ақтөбе»-«Қайрат» Премьер-лигассының үшінші туры матчын өткізетін орын туралы шешімді матчтың ұйымдастырушылары - «Ақтөбе» футбол клубы қабылдайды.  

null null 

Соңғы жаңалықтар