Ақтөбедегі өрт: Өзбекстанның Қазақстандағы консулы оқиға орнына аттанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Республикасының Қазақстандағы консулы Шухрат Тешабаев Алматыдан оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстан өкілдігі қайғылы оқиға орнында кешкі 7 шамасында болады.

«Қазіргі таңда ҚР ІІМ арнайы комиссия құрды. Комиссия құрамына ТЖД өкілдері, консулдық өкілдері кірді. Олар шынымен Өзбекстан азаматтары ма ол жағы әлі белгісіз. Оқиға орнына жеткен соң анықтаймыз», - деді Өзбекстанның Қазақстандағы консулы Шухрат Тешабаев.

Айта кету керек, төтенше жағдай Ақтөбе облысында болды. «Самара-Шымкент» тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза тапты.

«Бастапқы мәлімет бойынша, бүгін Астана уақытымен сағат 10:30-да Ырғыз ауданының Қалыбай ауылына жақын маңда автобус өртенген. «Икарус» маркалы автобус ішінен шыққан өрт салдарынан 52 жолаушы көз жұмды. 5 көліктен шығып үлгерген. Аман қалған 5 адамның екеуі Өзбекстан азаматы, үшеуі Қазақстан азаматы. Оқиға орнына өрт сөндіруге арналған 2 техника мен 8 адам жіберілді. Бұл жер облыс орталығынан 320 шақырым қашықтықта орналасқан», - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық ТДЖ мен облыс әкімінің орынбасары жедел штаб құрды. Қауырт желі іске қосылды. Оқиға орнында полиция, құтқарушылар мен психологтар, дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар