Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Ақтөбедегі өндіріс орындары энергия үнемдеу тетіктерін енгізе бастады

Ақтөбедегі өндіріс орындары энергия үнемдеу тетіктерін енгізе бастады
2017 жылғы 13 қазан 11:09 297

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалаған ақтөбелік кәсіпкерлер баламалы әдіспен энергия алу, энергия үнемдеу әдістерін өндіріске енгізе бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі өндіріс орындары жаңа технологияны енгізудің нақты жоспарын дайындады. Мәселен, Ақтөбе хром қосындылары зауыты Жапониядан жаңа қозғалтқышты әкелмек. Бұл өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, өндіріс қалдығын азайтуға арналған жоба. Мұнай зауыттары энергия үнемдеу әдісін Финляндиядан үйренеді деген жоспар бар. Ал Ақтөбе полиэтилен құбырын шығаратын зауыт қуатты үш есе үнемдейтін газ турбина станциясын салады. Зауыт директоры Серік Ахметалиннің айтуынша, 2011 жылы іске қосылған өндіріс орны инновациялық технологиямен жұмыс істейді.

«Зауыт электр қуатын көп тұтынады. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып, жаңа технологиялармен танысуға мүмкіндік алдық. Алдағы уақытта Германия технологиясын өндіріске енгіземіз. Жаңа газ трубина станциясын салу біздің шығынымызды үш есе азайтады. Жоба алдағы 2-3 жылда іске асырылады», - деді Серік Ахметалин.

Ал желден, күннен қуат алатын батареялар шалғай жерде орналасқан өндіріс орындары, ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін тиімді болып тұр. «Bazis group» ЖШС бас директоры Естей Сисенбайдың айтуынша, 2009 жылы жұмысын бастаған компанияның өкілі «Іскерлік байланыс» жобасымен Германияға барып келді. Көрмеде жел мен күннен қуат алатын батареялар таныстырылды. Ал 2010 жылдан бері жел генераторлары мен күн көзінен қуат алатын батареялар Германиядан тасымалданды. Ақтөбеде алғаш боп баламалы әдіспен қуат алу баратеяларын тасымалдаған компания бұл бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастырады.

«Алғаш боп жел генераторы мен күн батареяларын тасымалдадық. Ол кезде Қазақстанда мұндай құрылғылар шығарылған жоқ. Күннен қуат алатын батареялар мал бағатын нүктелерге қойылып, аудан орталығындағы монша қызметіне пайдаланылды. Қазіргі кезде 200 нүктеде баламалы әдіспен қуат алатын құрылғы тұр. ЭКСПО көрмесі кезінде «Астана соларс» компаниясымен келісімшарт жасалды. Күннен қуат алатын батарея жасап шығаратын зауыттың серіктесі болдық. Ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін бұл ең тиімді құрал. Жұмыс осы бағытта жалғасады»,- деді «Bazis group» ЖШС бас директоры Естей Сисенбай.

Ақтөбе халқын сумен қамтамасыз етіп отырған компания өкілдері де «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып, жаңа технологиямен танысып келді. «Ақбұлақ» АҚ қазіргі күні энергия үнемдеу үшін неміс технологиясын пайдаланып отыр.

«Қуат үнемдеу жұмысы 2003 жылдан басталды. Сол жылы «Грундфос» маркалы неміс сорғысы қондырылды. Бұл электрді екі есе үнемдеуге мүмкіндік беретін құрылғы. Арада 14 жыл өткенімен насос жақсы жұмыс істеп тұр. Кәріз стансаларына да Швеция мен Германиядан әкелінген құрылғы қондырылды. Бұл қуатты 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Өндірісті модернизациялау кезінде жарық үнемдеу жұмыс әрі қарай жалғасады»,- деді «Ақбұлақ» АҚ президенті Асан Ибраев. 

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Энергетика, EXPO-2017,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер