Ақтөбедегі оқушының өлімі: Дәрігерлер алдын ала мәліметтерді жариялады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде дәрігерлер мектеп оқушысының өліміне қатысты түсінік берді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушының қазасы жүрегінің кенеттен тоқтауынан болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі №38 орта мектептің 5-сынып оқушысы Ділназ Әбішева сабақ үстінде көз жұмғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

«Мектеп оқушысы туралы хабар түскен соң жедел жәрдем 14 минутта оқиға орнына барды. Талап бойынша жедел жәрдем бригадасы 15 минутта жетуі тиіс. Мектеп мұғалімдеріне, ата-анасына ұзақ күткендей болып көрінуі мүмкін, бірақ бәрі дер кезінде жетті. Олар барлығы 4-5 рет қоңырау шалды. Жедел жәрдем көлігін даладан тоқтатпаған, олар мектепке келе жатқан беті еді. Ал дәрігерлер барғанда баланың көз жұмғаны анықталды», - деді Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Айта кетейік, жедел жәрдем бригадасы баланың тамыры соқпай тұрғанын анықтағанымен, жасанды тыныс алуға көмек көрсеткен.

«Сот-медициналық сараптамасына сәйкес, балада жүрек ауруы немесе басқа да дерт анықталмаған. «Кенеттен жүрегі тоқтап қалды» деген диагноз қойылып отыр. Бірақ 27 сәуір күні нақты шешім шығарылады. Жыл сайын медициналық тексеруден өткен кезде оқушының денсаулығынан кінәрат табылмаған. Тіпті суық тиіп, тұмауратпаған екен», - деді Светлана Есенаманова. 

Соңғы жаңалықтар