Ақтөбедегі индустриалдық аймаққа инвесторлардың қызығушылығы артты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі индустриалдық аймақта 13 жоба іске асырылып жатыр. Қазір екі зауыт іске қосылып, жұмысын бастады, деп хабардайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі индустриалдық аймақтың аумағы 200 гектарды құрайды. Мұнда газ, су, электр тоғы мен тас жол, темір жол бар. Әрі индустриалды аймақ «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» халықаралық дәлізінде орналасқан. Тек инвесторлар дайын жобаны ұсынып, құрылыс жұмыстарын тез арада бастауы тиіс.

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директоры Дархан Өтемістің айтуынша, қазір 13 компания өз жобасын ұсынды. Екі зауыт іске қосылды. Оның бірі көлік дөңгелектерінен спорт, балалардың ойын алаңдарына арналған жасанды жабынды шығару зауыты, екіншісі әйнек жуатын сұйықтық және антифриз өндіретін кәсіпорын. Барлығы 1,3 миллиард теңге инвестиция салынды. Қазір 50 адам тұрақты жұмыс істеп жүр.

«Индустриалдық аймақта «Жедель плюс» ЖШС жобасы іске асырылып жатыр. Қазіргі кезде құрал-жабдық жеткізіліп, іске қосу жұмыстарын жүргізіле бастады. Кешен қараша айында іске қосылады. Сонымен қатар, қыш тақтайшалар, сауда және медицина саласына аса қажетті полиэтилен бұйымдары шығарылады. Барлығы 9,5 миллиард теңге инвестиция салынатын 6 жобаның құрылысы жүріп жатыр. Тағы төрт жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалады. Өңірдегі газ тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу үшін «ГазЭкспорт» ЖШС индустриялдық аймаққа шақырып отырмыз. Сұйытылған газды сақтауға арналған жоба іске асса 400 тонна отын тұратын жер белгіленеді»,- деді «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директоры Дархан Өтеміс.

Құрылыс жұмыстары кезінде неміс технологиясы қолданылады. Қауіпсіздік ережелері ескеріліп, экологиялық талаптарға сай газды сақтау жұмыстары жүргізіледі. Егер жоба іске асса газ таратушылар сұйытылған отынның бағасын жергілікті әкімдікпен келісіп, бекітеді. Компания өз еркімен газ бағасын өсіре алмайды. Бұл алдын-ала келісілген меморандумда қарастырылған екіжақты талап.

Айта кетейік, «Ақтөбе» индустриалдық аймағы жыл басынан бері 137 миллион теңге табыс түсірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есе көп. Әрі мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобасына 20 сараптама жүргізіп, индустриалық аймақ мамандары 34 миллион теңге пайда тапты. 

Соңғы жаңалықтар