Ақтөбедегі хром өндірісіне 73 миллиард теңге инвестиция салынады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін ферроқорытпа зауыты, Дөң кен байыту комбинатының жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ірі өндіріс орындарының еңбек ұжымымен кездесіп жатыр. Бұл жолы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Дөң кен байыту комбинаты жұмысшыларымен кездесіп, еңбек келісімшартының орындалуын тыңдады. Жиынға Еуразиялық топ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич қатысты.

«Инвестиция көп болса, экономикаға жақсы әсер етеді. 73 миллиард теңге өте жақсы көрсеткіш. Бұл инвестиция жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Биыл орташа жалақы 207 мың теңгеге жетеді. Бастысы - жұмысшыларды қысқартуға болмайды»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

«Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Виктор Тильдің айтуынша, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 цехы өткен жылы 250 мың тонна өнім өндірді. Биыл тағы 80 мың тоннаға арттырады. Жоспар бойынша Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы №4 цех толық қуаттылықта жұмыс істеуі тиіс. Бұл Еуразиялық топ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің тапсырмасы.

«Әлем бойынша сапалы өнімге сұраныс жоғары. Сондықтан кен өндіру көлемін арттыру қажет. Іске қосылған №4 цех толық қуаттылықта жұмыс істеуі керек. Әрі өндірісті цифрландыру тапсырмасы қойылды. Ойланыңыздар, ақылдасып, ұтымды шешім қабылдаңыздар. Біз өндірісті жаңа деңгейге көтеруіміз керек»,- деді Александр Машкевич. 

Соңғы жаңалықтар