Ақтөбедегі дала өртінен тағы екі тұрғын мерт болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауылындағы дала өрті кезінде күйік шалып, ауруханаға түскен тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сұлукөл ауылындағы дала өрті кезінде зардап шеккен екі ауыл тұрғыны аудандық ауруханада ем қабылдап жатқан болатын. Өкінішке қарай, 38 жастағы Жомарт Смаилов пен 48 жастағы Жаңабай Әбішев алған күйік жарақаттарынан көз жұмды», - деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз жетекшісі Нұргүл Қонақбаева.

Жомарт Смаилов 2006 жылдан бері Сұлукөл орта мектебінде жұмыс істеп келген. Отбасын құрмаған. 

Ақтөбе облыстық ТЖД бас маманы Хамида Ищанованың айтуынша, өрт сөндіруге қатысқандардың үстінде арнайы киім болмаған.

Бұған дейін Сұлукөл ауылында тұтанған дала өртін сөндіру кезінде ауыл әкімі Батырбек Бірлепесов пен мұғалім Жолдыбек Әбдісәлімов қаза болғанын хабарлаған едік . Әкімнің артында - төрт, мұғалімнің артында екі бала жетім қалды. 

Соңғы жаңалықтар