Ақтөбеде жылына 120 миллион дана кірпіш шығаратын зауыт салынып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде шығарылатын құрылыс материалдары алдымен ішкі қажеттілікті өтеуі керек. Бүгін облыс әкімдігі мен кірпіш зауыты екіжақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Ақтөбе облысы әкімдігіне құрылыс материалдарын өндіруші компаниялар жиналды. «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламаларын іске асыру кезінде үздіксіз құрылыс жұмыстарын жүргізген компаниялар алдағы жылы қарқынды сақтап қалуы тиіс. Әрі құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар мен цехтар ішкі сұранысқа басымдық беруі қажет. Әкімдіктегі жиын кезінде екіжақты меморандумға қол қойылды.
null 

«Өткен жыл құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Салдарынан жазда кірпіш тапшылығы сезілді. Кірпішті көрші өңірлерден ғана емес, Ресейден де тасуға тура келді. Биыл облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, кірпіш пен өзге құрылыс материалдарының барлығын жергілікті тауар өндірушілерден алуымыз қажет»,- деді облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов.

Кездесу кезінде кірпіш пен Экотон газ блоктарын шығаратын жеті кәсіпорын облыс әкімдігімен  меморандумға қол қойды. Енді олар кірпішті алдымен жергілікті құрылыс компанияларына сатады, артылғанын өзге өңірге жөнелте алады.

Айта кетейік, Ақтөбеде жыл сайын 148 миллион дана кірпіш пен 210 мың текше Экотон газ блогы шығарылады. Биыл қуаттылығы жылына 120 миллион дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылады. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа өндіріс ішкі қажеттілікті толық өтеуге, кірпішті көрші өңірлерге сатуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өткен жылы  780 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Биыл да осы көрсеткіш сақталады. 

Соңғы жаңалықтар