Ақтөбеде жұмыссыздар қысқа мерзімді курстарда тегін оқытылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жұмыссыздар қысқа мерзімді курстарда тегін білім алады. Биыл 570 адамды оқытуға бюджеттен 103 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Кеңес Нокин ауылының тұрғындары мен жұмыссыз жүрген кез келген адам Ауыл шаруашылығы колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысуға мүмкіндік алды. Мұнда биыл қоян, құс өсіріп, ет өңдеу мамандықтары бойынша қысқа мерзімді курстар ашылады. Сонымен қатар, аспаз, даяшы мамандықтары да бар. Электриктер мен көлік жөндеушілерге де басымдық берілген. Бұл курстар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша тегін іске асырылады. Әрі ай сайын 16 700 теңге шәкіртақы беріледі.

«Бір ұтымдысы, ауыл шаруашылығы бағытында білім алған жұмыссыздар мен жастар алдағы уақытта кәсіппен айналыса алады. Барлығы 35 адамға 105 миллион теңге көлемінде шағын несие берілмек. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жастар тәжірибесіне 1600 адам жіберіледі. Бұл мақсатқа 512 миллион теңге бөлінген. Ал әлеуметтік жұмыс орындарына 120 адам бағытталмақ. Биыл қысқа мерзімді курстарда барлығы 570 адам тегін оқиды. Курстар қаладағы таңдаулы колледждерде ашылады»,- деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нейлә Бөртебаева.

«Гүлдене бер, туған ел» акциясы аясында 950 адамды қамту үшін 62 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. «Кәсіпкерлер негізі» курсында 30 адам оқи алады.

Соңғы жаңалықтар