Ақтөбеде жол апатынан бір адам ажал құшып, алтауы ауруханаға түсті

None
None
 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе-Мәртөк тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында қаза болды. 

Қазір 6 адам аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық дәлізінің Ақтөбе-Мәртөк аумағында болды.

«Опель Вектра» және «Лада Гранта» маркалы автокөліктер соқтығысып, жол-көлік оқиғасы кезінде 33 жастағы жүргізушісі қаза болды. Ал 6 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Мәртөк аудандық ауруханасына түсті. Жарақат алған жолаушылар арасында 8 жастағы бала бар. Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің «Адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзу» фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінен.  
null

 

Соңғы жаңалықтар