Ақтөбеде жасөспірімді ұрған тәрбиешінің ісі сотқа жіберілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданындағы Жайсаң арнаулы мектеп-интернатында тәрбиеші жасөспірімді ұрып, полицияға арыз түсірді. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жайсаң мектеп-интернатының тәрбиеленушісі соққы алып, полицияға шағым түсірген болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша тергеу жүрді.

Ал бүгін Ақтөбе облыстық прокуратурасы істің сотқа жолданғанын хабарлады.

«21 ақпан күні құқық қорғаушы Алима Абдирова Жайсаң арнаулы мектеп-интернатының тәрбиеленушісі соққыға жығылғаны туралы арыз түсірді. 22 ақпан күні Мәртөк аудандық ІІБ Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша тергеу жүргізді. 18 ақпанда түскі ас кезінде тәрбиеші мектептің 15 жастағы тәрбиеленушісіне қол көтергені анықталды. Тәрбиеленуші ішкі ережені бұзған, яғни, өзі секілді тәрбиеленушімен жанжалдасып қалған. Тергеу жұмысы прокуратураның бақылауында болды. Мектептің 27 жастағы тәрбиешісі күдікке ілікті. Бүгін қылмыстық іс Ақтөбе облыстық кәмелеттік жасқа толмағандардың мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратурасы.

Соңғы жаңалықтар