Ақтөбеде жас келіншек көз жұмған лифтіде қандай ақау болғаны анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында журналист Айзат Әбдісамат қаза болған лифтінің ақауы неден болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Аманов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім еткендей, лифтінің автоматикасы істен шыққан.   

«Журналист қаза болған лифтте автоматика істен шыққан. Яғни, әр лифттің бірнеше қорғанысы бар. Бірі механикалық, екіншісі - автоматика. Лифт есігі ашық тұрғанда, адам саны шектен тыс болғанда жүре алмайды. Ал аталмыш жағдайда техникалық ақау болып, лифт есік жабылмастан жүріп кеткен. Қазір құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Аманов. Ақтөбе қаласында лифтте қайғылы оқиға тіркеліп, жергілікті билік арнайы комиссия құрған болатын.

Лифттегі ақаудан 28 жастағы Айзат Әбдісамат көз жұмғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол жеделсатыға қызымен бірге мінген еді.

Кейін оның күйеуі оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

Соңғы жаңалықтар