Ақтөбеде жаңа мектеп пайдалануға берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Қобда ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Білім ордасы үшауысымды мектеп мәселені шешті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қобда ауданына жұмыс сапарымен  барды. Мұнда 320 орынды мектеп-гимназия пайдалануға берілді.

null 

«Тәуелсіздік алған күннен бастап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннның болашағы үшін білім саласына баса назар аударып келеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде 1 мыңнан астам мектеп салынды. Мұның бәрі өскелең ұрпақтың халықаралық стандарттарға сай білім алып, Қазақстанды әлемнің 30 дамыған елдер қатарына тез қосу үшін жасалып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылы Ақтөбе облысында 25 мектептің құрылысы жүргізілді. Оның 11-і пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы төрт мектеп ашылады»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. Мектеп заманауи үлгімен салынған, компьютер кабинеттері бар. Оқушылар үшін физика, химия кабинеттері арнайы жасақталды. Үш қабатты ғимаратта спорт және мәжіліс залы бар. Кітапхана, медиатека, қысқы бақ, демалыс орындары мен тағы басқа мүмкіндіктер қарастырылған. Мектептің құрылысына 760 миллион теңге жұмсалды.  «Қобдалықтар өте қуанышты. Өйткені, біздің балаларымыз енді әдемі, заманауи мектепте оқитын болады. Мен мұнда олардың лайықты білім мен рухани тәрбие алатынына сенімдімін. Бұл оқиға оқушылар мен олардың ата-аналарының жүректерінде мәңгіге қалады. Бұл қуныш, ең алдымен, біздің еліміздің тәуелсіздігінің, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  дана саясатының арқасында мүмкін болып отыр»,- деді ауыл тұрғыны Зардахан Әбігей.

null 

Айта кетейік, жаңа білім ордасы ауылдағы үшауысымды мектеп проблемасын шешуге көмектесті. «Қобда ауылының 314 оқушысы үшауысымда оқып келді. Енді ондай мәселе болмайды. Ғимарат - заманауи, әдемі. Мұнда білім беру сапасы жақсарады деп сенемін»,-деді мектеп директорының орынбасары Әсия Нұрбаева.

null 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданға жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев «Отан Ана» және «Мәңгілік ел» демалыс және мәдени орталықтарында болды. «Отан ана» бағы Кеңес Одағының батыры, Қобда ауданының тумасы Әлия Молдағұловаға арналған. Биыл  мерген қызға биіктігі төрт метр болатын ескерткіш орнатылмақ. Ал «Мәңгілік ел» бағында Ұлы Отан соғысынан оралмаған 3,5 мың қобдалықтың және саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған 300 азаматтың есімі жазылған.

null null null 

Соңғы жаңалықтар