Ақтөбеде ұстазын соққыға жыққан оқушыларға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде - ІІД

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ұстазын соққыға жыққан оқушыларға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі ағымдағы жылдың 20 қазанында қаланың 23 жастағы тұрғынын соққыға жығу фактісі бойынша материал ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелгенін атап өтті.

«Аталған қылмысты жасады деген күдікке қаланың 1999 жылы дүниеге келген 4 тұрғыны ілігіп отыр. Қажетті барлық тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген таратылған ақпаратта. 

Айта кетейік, аталған өңірдің «Диапазон» басылымның жазуынша, 4 оқушы ұстаздарын соққыға жығып, қолын сындырған.

«Оқиға сабақтан соң, түстен кейін орын алған. Біздің 11 сынып бірінші ауысымда оқиды. Жанжалдың неден шыққанын білмейміз. Онымен полиция айналысып жатыр», - дейді оқиға орын алған мектеп директорының орынбасары Бибінұр Қабатбергенова.

Басылымның жазуынша, жас маманның бұл мектепте жұмыс істей бастағанына небары 2 ай ғана болған. Ал оны соққыға жыққан оқушылар сабақтарын жақсы оқыған.

Соңғы жаңалықтар