Ақтөбеде ұлттық қауіпсіздік қызметі «Байкал» тапаншасын тасымалдағандарды ұстады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Байкал» тапаншасын заңсыз тасымалдаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті және Мемлекеттік кірістер департаментінің арнайы экономикалық тергеу қызметі бірлесіп, қылмыстық ұйымға жеткізілген қаруды тәркіледі.

«Ақтөбе қаласының 40 және 45 жастағы тұрғындары қылмыс үстінде ұсталды. Олардан 11 «Байкал» тапаншасы мен 9 мм 560 оқ-дәрі табылды. Қару заңсыз тасымалданған. Бүгін олар ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Екеуі де жұмыс істемейді, бұрын сотталмаған. Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады. 

Соңғы жаңалықтар