Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Ақтөбеде уақытша тіркеуге тұруға барғандарға тегін шәй беріп жатыр

Ақтөбеде уақытша тіркеуге тұруға барғандарға тегін шәй беріп жатыр
2017 жылғы 11 қаңтар 16:26 1224

    Ақтөбе. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында уақытша тіркеуге тұрушыларды қабылдау үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін уақытша өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 
Орталықтар жұмыс уақытын бұрынғыдан бір сағатқа ерте бастайды. Мұнда түскі үзіліссіз, кешкі сағат 20-00-ге дейін келіп тіркелуге болады. Көші-қон полициясы қызметкерлеріне келушілер кезекте ұзақ тұрып қалмаулары үшін қосымша жұмыс орындары ұйымдастырылған. Онда қызмет көрсету барысында қандай да бір сауалдар туындаған жағдайда кеңес берушілер көмекке келеді. Түсіндіру жұмыстарына көмекке студенттерді де тартып жатыр. Бұл туралы бүгін «Ақтөбе-ақпарат» орталығында өткізілген брифинг кезінде айтылды.

«Кіреберісте анықтама бөлімі бар. Сол жерде тұрған қызметкерлеріміз жөн сілтеп, бланктер қалай толтырылатындығын айтып, көмек көрсетеді. Одан бөлек, келушілерге талон беріледі. Сол арқылы азаматтарды ретімен, қай сауал бойынша келгеніне қарай, тиісті орынға жіберіп отырады. Уақытша тіркеуге тұруға, басқа да анықтама алуға келгендер ұзақ күтіп қалғандар демалып, буфеттегі тәттілерден дәм татып, ыстық шәй іше алады. Оның барлығы-тегін», - дейді халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Самал Нұғыманова.

Ақтөбеде уақытша тіркеуге тұруға барғандарға тегін шәй беріп жатыр  

Ақтөбе облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары Нұрболат Хайруллиннің айтуынша, 7-қаңтардан бастап облыс бойынша 741 адам уақытша тіркеуден өткен. 2072 адам тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген.

«Тіркеу жұмыстары азаматтардың еркін жүріп-тұру құқығын ешқандай шектемейді. Бұл халықаралық тәжірибеде бар нәрсе. Жүргізіліп жатқан жұмыстар құқықбұзушылықты болдырмауға, ішкі көші-қонды бақылауға мүмкіндік береді», - дейді Нұрболат Хайруллин.

Зада Зейін

 

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Қоғам,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер