Ақтөбеде тозығы жеткен жылу құбырлары алмастырылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жылу тарату мекемесі тозығы жеткен жылу құбырларын алмастырды. Құбыр ауыстыру, қазандық құрылысына халықаралық қаржы ұйымынан несие алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе жылу маусымына дайындықты пысықтады. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жаз бойы құбыр ауыстырған «Трансэнерго» АҚ жұмысымен танысып, алдағы жоспарларын білді.

Мәселен, 2015-2020 жылдары инвестициялық бағдарламаға сәйкес 7,6 миллиард теңге бөлініп, жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, 2017-2018 жылдары Еуропалық қайта құру және даму банкінен 3,1 миллиард теңге несие алады. Бұл қаржыға қазандықтарды, жылу желілерін қайта құру және модельдеудің гидравликалық бағдарламасы жасалған.

«Жөндеу жұмыстары кәсіпорынның энергия қоры шығынын 25,9 пайыздан 18,8 пайызға дейін, негізгі құрал тозуының төмендеуін 68,5 пайыздан  54,9 % дейін азайтады. Экономикалық тиімділік 91,3 млн теңгені, соның ішінде шығын көлемін төмендетуден 25,9 млн теңгені құрады»,- деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Биыл тозған техниканы жаңартуға 63 миллион теңге бөлінді. 

Соңғы жаңалықтар