Ақтөбеде тоңған оқушылар мектепте сырт киіммен отыруға мәжбүр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары сабақта сыртқы киіммен отыр. Жел мен аязды күні мектеп іші суытып кетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбе қаласындағы таңдаулы мектепте жылу бар, жылуды ұстап тұруға мүмкіндік жоқ. Терезеден келетін жел мен ызғар оқушыларды тоңдырған соң мектеп әкімшілігі оларға сырт киіммен отыруға рұқсат берген. Оқушылар бірнеше қабат киім киіп, аяқтарын жылы ұстауға тырысады. Бірақ тапжылмай отырған оқушылар тоңып жүргендерін жасырмады.

«Мектеп іші салқын. Отырған соң қолымызға дейін тоңып қалады»,- деді мектеп оқушысы Серік Әкімжан. Ата-аналар да соңғы уақытта қалтырап келетін балалары үшін алаңдап отыр.

Ақтөбе қаласындағы №24 лингввистикалық  мектеп-гимназиясы 45 жыл бұрын салынып, пайдалануға берілген. Жылу жүйесі жаңартылып, 10 жыл бұрын жөндеу жұмысы жүргізілген. Бәрін тексере келе ескі, ағаш терезелерден жел келетіні, жылу батареялары қаншалықты ыстық болғанымен, бәрі далаға кететіні анықталды. Мектеп кейбір терезелерді демеушілердің көмегімен жаңартып алған. Басым бөлігі, әсіресе жоғары қабатта ескі терезе тұр.

«Терезелерді ауыстыруға, жөндеуге қаржы сұраған едік. 2017 жылы қаржы бөлінбеді. 2018 жылға да бюджеттен қарастырылмай қалды. Қаржыны жылу, электр желісін жаңартуға, терезелерді ауыстыруға сұраған едім»,- деді №24 мектеп-гимназиясының директоры Ғалия Ешмұханбетова.

Айта кетейік, Ақтөбе қалалық білім бөлімі №24 мектептегі проблеманы біледі. Олар балалардың тоңатынынан, сырт киіммен отыратынынан хабардар. Бірақ дәл қай уақытта жөндеу жүргізетінін айта алмады. Ақтөбе қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлназ Мырзағалиеваның айтуынша, жөндеу жүргізу үшін алдымен құжаттарын түгелдеуі қажет. Биыл барлығы 8 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, оған 350 миллион теңге жұмсалған.  

null 

Соңғы жаңалықтар