Ақтөбеде техникалық және кәсіби білім беруді жетілдіру үшін жұмыс тобы құрылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев келер атпада техникалық және кәсіби білім беруді жетілдіруге арналған ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімдігінде жергілікті жоғары оқу орындары мен колледж басшыларының қатысуымен жиналыс өтті. Арнайы білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған жиын кезінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев нақты ұсыныстар дайындауды тапсырды.

«Олар өз саласын жақсы білетін сауатты мамандар болуы керек. Топ колледждердегі білім беру мәселесін шешу мен сапасын арттыру бойынша нақты, соның ішінде ұзақ мерзімді ұсыныстарды талдап, әзірлейді», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, арнайы топты облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев басқарады. Сонымен қатар, оның құрамына «Атамекен» ҰКП филиалының өкілдері, кәсіпкерлер, оқу орындарының басшылары болады. Қазіргі кезде өңірде 42 колледж болса, оның 26-сы - мемлекеттік. Колледждің әрбір төртінші студенті сырттай білім алады. 

Соңғы жаңалықтар