Ақтөбеде таэквондодан республикалық турнир өтіп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында таэквондодан кадеттер мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Ақтөбеде Тәуелсіздік күніне орай республикалық ашық турнир өтіп жатыр. «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалы ұйымдастырған жарысқа Астана, Атырау қалалары мен бірнеше облыстың спортшылары қатысуда. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының аудандарынан арнайы команда келді.

«Біздің жетістігіміз - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі. Тәуелсіз мемлекетіміздің Туын спортшыларымыз шетелде желбіретіп жүр. Бүгінгі жарысқа қатысушылар да әлемдік додаларға қатысып, ел намысын қорғайтынына сенім білдіреміз. Жастар спортпен шұғылданса денсаулығы мықты болады. Ал денсаулығы мықты ұрпақ ақыл-ойымен еліміздің дамуына үлес қосады»,- деді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.



Ақтөбе қаласындағы жарысқа барлығы 250 спортшы қатысып жатыр. 2000-2011 жылдар аралығында туған спортшылардың алғашқысы жеңіске жетті. Мәселен, 33 келі салмақта Әсет Ізғалиев, 45 келіде Темірлан Назарханұлы, 49 келіде Диас Айымқұлов бірінші орын алды. Арнайы спорт клубының жаттықтырушысы Жарас Пырмағамбетовтың айтуынша, жарыс ертең жалғасып, жеңімпаздарға медальдар мен кубоктар тапсырылады.

«Мемлекет спортқа көңіл бөліп, жаңа ғимараттар салып жатыр. Ал біз жастарды қолдау мақсатында үнемі спорттық жарыстарға демеуші боламыз. Себебі, біздің болашағымыз - жастар. Жастарымыз спортпен шұғылданса, денсаулығы мықты болады», - деді «Мұстафа Ақтөбе» спорт кешенінің иесі Жанат Нұрғалиев.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар