Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығының неден туындағаны анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы сезіле бастады. Қазіргі кезде газ құю бекеттерінде кезек бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізушілер кеше кешкілік, бүгін газ кезегінде тұрды. Бұған қордың таусылуы, Павлодардағы газ өңдеу зауытының жөндеуге байланысты тоқтауы себеп болып отыр.

«Ай сайын сұранысты арттырып отырмыз. Сол кезде бізде қор сақталып, газ тапшылығы туындаған жоқ. Бұл жолы Павлодар газ өңдеу зауыты жөндеуге тоқтатылды. Ал «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на қазақстандық сұранысты қамту міндеті жүктелді. Ақтөбелік газ өңдеу зауыты біздің қосымша сұранысымызды толық қамти алмай қалды әрі соңғы уақытта газбен жүретін көліктердің саны артты», - деді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы Майя Бименова.

Газ өндірушілер мен сұраныс берушілер қажетті сұйытылған отынның көлемін тіркеуде тұрған автокөліктердің санымен өлшейді. Кейбір жүргізушілер көлігін бензиннен газға ауыстырғанымен, әлі күнге дейін жол полициясына тіркеуге тұрмаған. Айта кетейік, Ақтөбе облысы қараша айында 8200 тонна газға сұраныс берсе, желтоқсанда 9 мың тоннаға тапсырыс берілді. Әр күн сайын ақтөбеліктер 300 тонна сұйытылған газ тұтынады. Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының мәліметіне сүйенсек, тапшылықты жою үшін 270 тонна газ жеткізіліп жатыр. 

null 

Соңғы жаңалықтар