Ақтөбеде студент із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе облысы, Ойыл аграрлық колледжінде оқып жүрген студент Ербол Әбдіғали жоғалып кетті. Ол 17 ақпан күні Ақтөбе қаласынан шығып, Ойылға жетпеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Асау барақ көшесінен шығып кеткен Ербол Әбдіғали екі аптадан бері өзі білім алатын колледжге оралмады. Енді 18 жасқа толатын жас жігіт аталған коллеждің механик мамандығы бойынша білім алып жүр. 

Ақтөбе облыстық ІІД, Елек полиция бөлімі таратқан мәліметке сүйенсек, Ербол Әбдіғалиевтің бойы 170-175 см. Оның үстінде қара күртеше, бас киім, кроссовка болған. Сөмкесінде жеке заттары бар.

Айта кетейік, Ойыл аудандық аграрлық колледжі студенттің жоғалып кеткенін растады. Оны көрген-білген адамдар 102, 8 7132 72-98-02, 72-91-03, 72-98-52 телефондарына хабарласуы керек.

 

Соңғы жаңалықтар