Ақтөбеде шетелге қашып кеткен кәсіпкердің кесірінен 121 адам пәтерсіз қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдерімен кездесуінде «Космос» қонақ үйі мен «Юнис сити» тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізіп, шетелге қашып кеткен Гегам Асрянға қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы «сақалды құрылыстың» тізіміне енген «Космос» қонақ үйі мен «Юнис сити» тұрғын үй кешеніндегі адамдардың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Бұған дейін хабарлағанымыздай, екінші деңгейлі банктер кәсіпкерден ала алмаған ақшаны жеке адамдардан өндіру ісін бастаған болатын. Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр.  Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жүздеген тұрғынды алаңдатқан мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.

«Гегам Асрян Президентке «Ақтөбеде бизнеске қысым көрсетіліп жатыр» деп хат жазған. «Космос» қонақ үйінің құрылысы басталған кезде мен бардым. Ол «2016 жылға дейін  құрылысты бітіремін» деді. Кейін соталды тергеу басталды. Ол алдымен «Қазақ банкке», кейін «Форте банкке» жерді кепілге қойды. Нәтижесінде 121 адам зардап шегіп отыр. Гегам Асрян қайда? Ол қашын кетті. Неге қылмыстық іс қозғалды? Себебі, ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзды. Екіншіден, ол ақшаны алып кетті. «Инвестиция салдым» деп айтады. Тұрғын үй құрылысы кезінде бір тиын инвестиция салған жоқ. Тұрғын үйді мемлекет есебінен салды. Ал демалыс орны өзінің жеке бизнесі», - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. Оның айтуынша, қазіргі кезде инвесторлар іздестіріліп жатыр. «Банкпен де келіссөз жүріп жатыр. Ақшасы бар адамға сатса дейміз. Сөйтіп басталған құрылысты аяқтау қажет», - деді Бердібек Сапарбаев.

Бірнеше жыл бойы құрылысы тоқтап тұрған нысандар мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа арыз жазған кәсіпкерлер туралы айтып берген өңір басшысы инвестициялық климаттың жақсарғанын алға тарты. Тіпті, Дүниежүзілік банк инвестициялық климат бойынша Алматы қаласынан кейінгі екінші орында Ақтөбенің келе жатқанын жариялаған екен. 

null 

Соңғы жаңалықтар