Ақтөбеде сарбаздар жеке үйден шыққан өртті сөндірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Патрульдік кезекшілікке шыққан №6655 әскери бөлімінің сарбаздары жанып жатқан үйді көріп, көмек көрсетті. Олар үйдің жанында тұрған шағын автобусты сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы №6655 әскери бөлімінің сарбаздары әдеттегі патрульдік кезекшілікке шығып, адам өмірін сақтап қалды. Қаланың Чекалин көшесіндегі қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген сарбаздар жеке үйдің өртеніп жатқанын көріп, бірден көмек көрсетуге барды.

«Әскери жасақ қоғамдық тәртіпті бақылап, қауіпсіздікті күзетеді. Сарбаздар әдеттегі жоспарға сай жұмысқа кіріседі. Олар үйден өрт шыққанын, түн ішінде адамдардың жедел қимылдап, қызыл жалынды сөндіріп жатқанын көріп, көмек көрсетті. Әскери жасақ өрт шыққан үйді қоршауға алып, аула ішінде тұрған шағын автобусты қауіпсіз жерге итеріп шығарады. Кейін өрт сөндірушілерге көмектесті»,- деді Ұлттық ұланның Ақтөбедегі 6655 әскери бөлім командирінің орынбасары Денис Ча.

Айта кетейік, өрт сөндіру кезінде әскери жасақ құрамында сержант Сейітжан Қалжанов, 2016-2017 жылдары әскер қатарына алынған Артем Касьяненко, Алексей Манцок, Дәулет Елжанұлы болған. Сарбаздар Алматы мен Павлодардан әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Сарбаздар 20-21 жаста.  

Соңғы жаңалықтар