Ақтөбеде сәбиін бауырына баса алмаған жас ана дәрігерлердің жазалануын қалайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе қаласының тұрғыны Мейрамгүл Өтепбергенова 9 ай бойы күткен баласынан айырылып қалды. Жас ана дәрігерлерден ешқандай көмек болмағанын БАҚ өкілдеріне айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мейрамгүл Өтепбергенова екі баланың анасы. Үшіншісіне жүкті болған кезде түсік тастап, кейін тағы да балалы болуды жоспарлады. Арада 9 ай өткенде жедел жәрдеммен перзентханаға жеткізіліп, бақылауға алынды. Кейін су кетіп, күту кезеңі басталды.

Мейрамгүл Өтепованың айтуынша, арада біраз уақыт өткенде бөлінген судың түсі өзгере бастаған.

«Дәрігердің де кінәсі бар. Мен шағым айтып, Ақтөбе облыстық денсаулық басқармасынан жауап күтіп отырмын. Жас аналардың босануына көмектесетін дәрігерлер немқұрайлылығы үшін жазалануы тиіс. Су кеткен соң жас ана 24 сағат бойы бақылауда болады екен. Осы уақыт аралығында балам іште тұншығып, екі күннен соң жүрегі тоқтап қалды. Барлығы 27 сағат ішінде үш рет баланың жүрегі тыңдалды, кардиотокография жасалды. Талап бойынша әрбір екі сағат сайын тексеруге алу керек. Жүкті болған кезде шағым болмады, баланың дамуында ақау тіркелмеді. Ультрадыбыстық зерттеулер де сәтті шықты»,- деді Мейрамгүл Өтепова.

Дәрігерлер жас анаға жиі су ішкізіп, мазасызданбауын сұраған. Кейін Мейрамгүл Өтепбергенова төрт сағат толғатып, қызын өмірге әкелді. Бірақ бала әдеттегідей жыламады. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Балам дұрыс тыныс ала алмады. Өкпесі толып қалған. Бәрі «24 сағат күту керек» деп қабылданған ортақ талаптың кесірі деп білемін. Мен перзентханадан өзім шығып, жансақтау бөлімінде жатқан балама бардым. Реанимотолог баламның қиналғанын, сусыз кезде инфекция түскен деп түсіндірді. Сәбиім қиналғанда үлкен дәреті шығып кетіп, ауа жетпеді. Баламды бауырыма баса алмадым, ақ сүтімді бере алмадым. Дәрігерлер кешірім де сұрамады»,- деді жас ана Мейрамгүл Өтепбергенова.

Жас ана 15 сәуір күні перзентханаға түсіп, 16 сәуір күні босанды. Перзентхана дәрігерлері баланың шетінеп кетуіне не себеп болғанын түсіндіріп берді. Дәрігерлер босану кезінде арнайы хаттамаға жүгінетінін, кесір тілігін жасау, уақытынын бұрын босандыру тек белгілі бір уақытта аралығында жүзеге асырылатынын жеткізді.

«Біз 24 сағат бақылап, қарауға тиіспіз. Су кеткен кезде түссіз болды. Бұл қалыпты. КТГ жасалып, оның да нәтижесі жақсы болды. Сағат үште жасыл су аға бастағанын жеткізді. Жасыл су болмады, тағы КТГ жасалды. Бақылау әлі қарай жалғасты. Кезекшілік алмасып, жас ана тағы да шағымданды. Сол кезде кезекші дәрігер қарап, тексерді. Хаттамаға сәйкес бақылау уақыты бітті. Таңғы сағат 7-ге таман жасыл су кетіп, босануға дайындалды. Баланың жүрегі тыңдалды, бәрі жақсы болды. Қыз баланы дүниеге әкелді. Ол жыламады. Жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Жүктіліктің барлық кезеңінде балада созылмалы оттегі жетіспеушілігі болған. Біз осыны анықтадық»,- деді дәрігер Қарғалы қалалық перзентханасының бөлім меңгерушісі Дариға Оспағамбетова.

Соңғы жаңалықтар