Ақтөбеде өзіне қол жұмсаған полиция қызметкеріне қатысты жаңа деректер шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде полиция қызметкері Байбек Қарымсақовтың өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Тергеу кезінде қалалық əкімдіктің бейнебақылау камерасындағы жазба алынды, - деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

"Мамандандырылған күзет басқармасының инспекторы Байбек Қарымсақовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. Қалалық әкімдік ғимаратынан алынған видеожазбаны сараптау барысында 17:16-да өткізу-бақылау пунктіне  Қарымсақов кіргеннен кейін,  бөгде ешкімнің бас сұқпағаны анықталды. Ал марқұмның мүрдесін 17:24 сағатта әкімдіктің аспазы тапқан. Баллистикалық сараптама  оқтың инспектордың табельдік қаруынан атылғанын көрсетті. Қазір оқиға болған сәттегі Қарымсақовтың қандай психикалық күйде болғанын анықтау үшін сот-сараптамалық экспертиза тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Байбек Қарымсақовтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. https://kaz.inform.kz/news/aktobede-kaza-bolgan-policiya-kyzmetkerin-aktyk-saparga-shygaryp-saldy_a3119306 Тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар