Ақтөбеде облыстық ІІД бастығының орынбасары ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде облыстық ІІД бастығының орынбасары Алтай Аңшыбаев ұсталды. Ол құрылыс-жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Алтай Аңшыбаев кеше, 16 мамыр күні ұсталды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарын бұзған полиция қызметкерінің ісі бойынша ІІД-нің Жеке қауіпсіздік басқармасы тергеуді бастап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның облыстық департаментіне жолдады. Соталды тергеу кезінде лауазымды қызметкердің жөндеу-құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржыны жымқырғаны анықталды.

«Жемқорлыққа қарсы қызмет 16 мамыр күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары А.Аңшыбаевты ұстады», - деп атап өтті ведомстводан. 

Сондай-ақ ІІД бірқатар ішкі істер бөлімдерінің бастықтары ұсталғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

«Кейбір ақпарат құралдарында Ақтөбе облысы бойынша бірнеше ішкі істер бөлімінің бастықтары ұсталды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл жалған ақпарат», - делінген хабарламада.  

Соңғы жаңалықтар