Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған коттедждер пайдалануға беріледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде тұрғын үй құрылысы 34 пайызға артты. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұрлы жер» және «Туған жер» бағдарламаларының іске асырылуы жиынында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбеде тұрғын үй  құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Биыл он айда тұрғын үй құрылысына 51 миллиард теңге инвестиция салынған.
null

«Биыл тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 34 пайызға артты. Қаржы тағы бөлініп отыр. Енді 7,4 миллиард теңге инфрақұрылымға, 13 миллиард теңге «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалады. Біз өңірге бөлінген қаражатты игеруіміз қажет. Барлық нысандар белгіленген уақытында тапсырылуы тиіс. Облыста көлік жолдарының құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстары бойынша үлкен шаруалар жүргізіліп жатыр. «Ақтөбе-Атырау» республикалық тасжолының құрылысы басталды. Құрылыс материалдары мен техникалардың кестесін жасау керек. Сондай-ақ, биыл жеке тұрғын үй құрылысы үшін кем дегенде 14 мың жер телімін беруіміз қажет», - деді жиынды Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Биыл 495,2 мың шаршы метр пәтер пайдалануға берілді. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Серік Төленбергеновтың айтуынша, жыл соңына дейін тағы 254,8 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріледі. Тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатқан аудандарға инфрақұрылым жүргізу үшін 6 миллиард бөлініп, игерілді.  
null

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл жалдамалы пәтер құрылысына 1,5 миллиард теңге бөлінді. Барлығы 300 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталған болатын. Биыл 180 пәтер тұрғын үй секторында кезекте тұрған адамдарға беріледі. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 122 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Үйлердің бір бөлігі 10 күннен соң пайдалануға беріліп, 105 пәтер тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар