Ақтөбеде мемлекеттік құпия құжаттарды үйінде сақтаған полиция басшысы тұтқындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде облысында аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы мемлекеттік құпия құжаттарды сақтады деген күдікпен тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Евгений Лазарев қамауға алынды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті мен облыстық прокуратура тергеушілері күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы №2 Ақтөбе қалалық сотына өтінішхат түсірді.
null 

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен Е.В. Лазаревқа ҚР ҚК-нің 185-бабы, 3-бөлігімен, 287-бабының 3-бөлігімен («Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету», «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») көзделген қылмыстық құқықбұзушылық бойынша күдікке ілігіп отыр. Ақтөбе қаласының №2 соты Е.В.Лазаревқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінен. 

 

 

Соңғы жаңалықтар