Ақтөбеде мемлекеттік қорғау аймағынан киік атып алған қорықшылар сотталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Ырғыз ауданында киік атып, мүйізін кесіп алған қорықшылар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысындағы Ырғыз-Торғай резерватының қорықшылары киік атып, мүйізін кесіп алған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Охотзоопром» РМК қызметкерлері қорықшыларды қылмыс үстінде ұстап алған болатын. 

Тергеу жұмыстары жүріп, 7 қорықшыға қатысты қылмыстық іске сот үкімі шықты. Ырғыз аудандық соты Қылмыстық кодекстің «Заңсыз аңшылық» бабы бойынша қорықшыларды айыпты деп танып, олардың әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, айыпталушылар мемлекет шығынын толық өтеді. Шығын көлемін - 40 миллион 842 мың теңге. Сотталушылардың әрқайсысы үш жыл аңшылықпен айналысып, қару-жарақ ұстау, сақтау құқығынан айырылды.

Іс материалына сүйенсек, қорықшылар екі «Уаз» көлігімен қызметтік өкілеттіліктерін пайдаланып, 12 киік атып алған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар