Ақтөбеде макулатура және полиэтилен қалдықтарын қабылдайтын пункт ашылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде макулатура және полиэтилен ыдыстардың қалдықтарын қабылдап,  қайта өңдеуге жіберетін  пункт ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Таза қала» ЖШС өндірістік бөлімінің басшысы Әлібек Қарабасовтың айтуынша,  пунктте картон қағаз, шыны ыдыстар, сынған шөлмектер, канистралар, қаптар қабылданады екен.

Қала тұрғындары келіп қанша ақша төленетінін сұрауда.  Жергілікті балалар сәл де болсын табыс тауып, пукнкте  тұрмыстық қалдықтарды әкеліп өткізіп жатыр.

«Бөлек жиналатын қалдықтар үшін біз көпқабатты үйлердің ауласына  тұрмыстық қалдықтарды іріктеп салатын арнайы еурожәшіктер орнаттық. Ондай  жәшіктер қазір 11, 12 шағын аудан мен Юнис-ситиде бар.  Біз екі аптаның ішінде 3-4 тонна картон, 2 тонна ПЭТ бөтелке жинап үлгердік. Жинаған қалдықты қайта өңдеуге өткіземіз», - деді Қарабасов.

ПЭТ бөтелкелердің келісіне 20 теңге төленеді екен. Картон  және қағаз - 8 теңге, полиэтилен пакет - 20 теңге, пайдаланылған қаптар  4 теңгеден, шыны шөлмек -  2 теңге. Пункт аптаның жеті күнінде де жұмыс істеп тұрады.

 «Бағалар өзгереді. Жуықта тағы бірнеше қабылдау нүктелерін ашуды жоспарлап отырмыз», - деді Қарабасов.

Соңғы жаңалықтар