Ақтөбеде құтыру дертіне байланысты ауыл көшелеріне шектеу қойылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округінде құтыру дертіне байланысты шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ырғыз ауданының Қызылжар ауылында баланы мысық тістеп алып, әкімдік екі көшеге шектеу қоюға шешім шығарды.

«Жануарлар арасында құтыру ауруы анықталуына байланысты Қызылжар ауылдық округіндегі Құрылыс ауылында шектеу қойылды. Шектеу Қ.Сәрсенбаев және А.Бимұратов көшесіне белгіленді», - деп жазды шешімде Қызылжар ауылдық округінің әкімі А.Ізбасарова.

Соңғы жаңалықтар