Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 7 °С
Алматы: 15 °С
USD 326.52 EUR 399.33
RUB 5.26 CNY 51.78
Жаңалықтар

Ақтөбеде құстың саңғырығынан электр қуаты өндіріле бастайды

2017 жылғы 3 қазан 01:09 2287
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде құстың саңғырығынан электр қуаты өндіріле бастайды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып-қайтқан ақтөбелік кәсіпорындар, бірнеше жобаны өндіріске енгізу шешімін қабылдады. Аталмыш жобалар өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, өңдеу өнеркәсібін дамытуға, мал ұрлығын 70 пайызға азайтуға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өндіріс, ауыл шаруашылығы саласындағы 25 кәсіпорын ЭКСПО көрмесі кезінде ұсынылған жаңа технологияны өндіріске енгізеді. Жобалардың жалпы құны - 43 миллиард теңге. Мәселен, Ақтөбе хром қосындылары зауыты өңірдің экологиялық ахуалын 7 пайызға жақсартуға бағытталған Жапония технологиясын пайдаланбақ. Жаңа технология қозғалтқыштың сутекпен жүруіне мүмкіндік береді. Ал «Ақбұлақ» АҚ жел электр станциясының құрылысын Германия арқылы үйренеді.

«ЭКСПО көрмесінде таныстырылған жобалар ақтөбелік кәсіпорындардың жұмысын жетілдіру бағытында енгізіледі. Ауыл шаруашылығы, мұнай-газ саласында жаңа технологиялар іске қосылады. Жобаларды қолданысқа енгізу кезінде Жапония, Германия, Финляндия, Израиль, Польша, Ұлыбритания, Словакия елдерінің жел мен күннен қуат алу жолдары өндірісте пайдаланбақ. Мал ұстайтын шалғайдағы ауылға жарық беру үшін мемлекеттік бағдарламаларды, субсидия беруді тиімді пайдалануымыз керек»,- деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

Ақтөбедегі «ҚазПоливест» компаниясы құстың саңғырығын пайдаланып, биогаз өндіруді, осы жолмен электр қуатын алуды көздеп отыр. Ал «Базис Групп» ЖШС малды ауылды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін күн сәулесінен қуат алу жолын Германия, Польша, Словакиядан үйренеді. «Құмжарған» ЖШС, «Тайбурыл» ШҚ Ұлыбритания елінен малдың жайылымдағы жерін бақылайтын, күннен қуат алатын қарғыбауды қолданысқа енгізбек. Бұл мал ұрлығын 70 пайызға төмендетеді. Сүттің құнарын сақтап, жарамдылық мерзімін ұзартатын жобаны Финляндиядан үйренуге болады. Бұл жоба «Аманбай» фермасын қызықтырды. 

Еске салсақ, ЭКСПО көрмесінің озық технолгиясын өндіріске енгізу «Aktobe Invest-2017» инвестициялық форумы кезінде талқыланады. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат