Ақтөбеде көліктердің қысқа дайындығы тексерілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында жүк көліктері тексерілді. Қар күреп, таситын көліктердің дайындығын Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қарап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл қыс ерте түсіп, қар күреу жұмыстары бір ай бұрын басталуы мүмкін. Үздіксіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін техникалардың дайындығы пысықталды. Коммуналдық мекемелерде қазір 260 техника бар. Оның ішінде құм себебін, қар сыпыратын, күрейтін, тиеп, түсіретін арнайы көліктер жинақталған. Барлығы 15 кәсіпорын қыс бойы көше тазалығын қамтамасыз етеді. қатысады.

«Биыл қар қалың болады және қыс ұзаққа созылады деп болжануда. Егер өткен жылдарда жолдар мен көшелерді қардан тазарту жұмыстары желтоқсан басталса, биыл қараша қолға алынады. Сондықтан алдын-ала дайындалуымыз қажет. Бұл мәселеге немқұрайлы қарамау керек. Өткен жылы қар шығаруды автоматты есепке алуды енгізу басталды. Енді барлығы ескеріледі, әр машинада құрылғылар орнатылған. Егер10 тонна қар шығарылса, соған сай тиісті төлемдерін алып отырады. Жұмыс көлемін асыру немесе алдау болмайды. Біздің тарапымыздан қаржыландыруға байланысты мәселе жоқ»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл қар тазалау жұмыстарына 49 арнайы көлік сатып алынды. Жыл сонына дейін тағы 27 көлік сатып алады. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев кейін көмір сақтау қоймаларына барып, отынды жеткізу, сату, әлеуметтік нысандар және облыс тұрғындарын қамтамасыз ету жұмысымен танысты. «Өзіңіз тоннасын 9-10 мың теңгеге сатып алып, халыққа 15-16 мың теңгеге сатасыз. Бұл сома қайдан пайда болды? Неліктен осындай жоғары баға қойғансыз? Сізде мұншалық шығын жоқ», - деді облыс әкімі Б.Сапарбаев. Қазіргі күні көмір қоймаларының материалдық-техникалық базасы ескірген, өрт қауіпсіздігі сақталмаған. «Сегіз жыл бойы өрт пен техникалық қауіпсіздік ережелеріне сай көмірді сақтайтын қарапайым база сала алмапсыздар. Мұнда жабық қойма, тиегіштер болуы тиіс, вагондардың жүгі автоматты түрде түсірілуі керек», - деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Алдағы уақытта көмір жеткізіп, тасымалдаумен айналысатын компаниялардың жұмысы мемлекеттік органдардың бақылауында болады. 

Соңғы жаңалықтар