Ақтөбеде көлікпен газ цистернасына соғылған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкер көлігімен газ құю бекетіндегі цистернаға соғылды. Қазір осы дерек бойынша екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Газ құю станциясындағы цистернаға көлік соғылып, осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Зардап шеккен адам ауруханаға түсті», - деп ақпарат таратты Ақтөбе облыстық Ішкі істер бөлімінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғаны, кәсіпкер көлігімен цистернаға соғылып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Абырой болғанда газға барып соғылған көлік жарылмады. Көлік иесі сол кезде өзін пышақтаған. Көлік иесі Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Науқас емнен соң ауруханадан шыққан. Ал Ақтөбе облыстық прокуратурасы осы дерек бойынша екі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Көлігімен газ цистернасына барып соғылған дерекке қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу», «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» баптары бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Ақтөбе облысы прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев.

Айта кетейік, оқиға 13 қазан күні таңда тіркелді.

Соңғы жаңалықтар