Ақтөбеде көктайғақтан мертіккендер саны 200-ден асты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көктайғақтан құлап, мертіккендер саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысындағы көктайғақ салдарынан жүздеген адам ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта облыстық жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімі лық толы. Мұнда бірі аяғын, екіншісі қолын сындырып келіп жатыр. Дәрігерлер де күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуге көшкен.

null 

«Рентгенге 60 адам кезекке тұрған соң екінші рентген кабинетінде қабылдау басталды. Дәрігерлер де күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Егер жағдайы ауыр болса, біз оларды ауруханаға жатқызамыз. Ал сынығы жеңіл болса, оларды емхана бақылауына береміз. Ақтөбе облыстық жәдел жәрдем ауруханасына таңғы сағат 7:30-дан бастап зардап шеккендер келіп жатыр. Көктайғақ салдарынан қабылдау бөлімшесіндегі дәрігерлер саны көбейді. Қазір 3 травматолог, 3 нейрохирург, бір невролог, екі терапевт, екі хирург бар. Адам өте көп. Есеп бойынша 3-4 сағатта 200 адам көмек алды»,- деді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.

null  

Көктайғақ кезінде құлап, аяқ-қолын зақымдағандар арасында жастар да, үлкен адамдар да бар. Олардың бірі жұмысқа бара жатқан жолда құласа, бірі үйінен шыққан бойда қолын сындырып алған.

null 

«Үйден шыққан бойда құлап, қолымның сынып қалғанын көрдім. Жедел жәрдем шақырған бойда келіп, екпе жасады. Енді гипс салдырамын. Өзін 76 жастамын. Қолым екі рет, бір рет аяғым да сынды. Бұл күні абай болуы керек, бірақ бәрі күтпеген жерден болды»,- деді тұрғын Сара Аймашева.

null 

Айта кетейік, Ақтөбеде көктайғақ салдарынан көліктердің, автобустардың жүруі қиындай түсті. Әлеуметтік желіде қоғамдық көліктердің жолда тайып кетіп, тұрғындардың көмек беріп жатқанын көруге болады. Сонымен қатар, жолдар жабылып, республикалық тасжолды кезекшілік қойылды.  Полиция жолды бақылауға алды.

null null 

Соңғы жаңалықтар