Ақтөбеде киіз үйлердің ішіне көрме ұйымдастырылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесі күні Ақтөбедегі киіз үйлер ішіне көрме ұйымдастырылды. Білім ордалары мен мекемелер арнайы тақырыптарға орай киіз үй ішін безендірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Ақтөбе қаласында өткен Наурыз мерекесінде киіз үйдің есігі ашық тұрды. Қазақ халқына мың тағзым стелласы маңындағы киіз үйлер жеті тақырыпты қамтыды. Олар: «Мен ақтөбелікпін», «Бақытты бала - Мәңгілік ел кепілі», «Туған жерге тағзым», «Рахани жаңғыру», «Наурыз - жыл басы», «Аналарға тағзым», «Астананың 20 жылдығы».

«Теміржолшылар мен №32 мектеп гимназиясының ұжымы киіз үй тігіп, «Бақытты бала - Мәңгілік ел кепілі» тақырыбын қамтыды. Тәуелсіздік алған жылдары жеткен жетістігімізді көрсетіп, арнайы макет дайындалды. Сонымен қатар, бесік, ат әбзелдері, ұлттық қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды. Бұл арқылы біз салт-дәстүрін сақтап, ұстанған ұлт мәңгілік ел болатынын көрсеткіміз келді. Адамдар киіз үйге кіріп, танысып, алғысын білдіріп жатты»,- деді ақтөбелік ардагер Бошық Қуатов.

Ал «Аналарға тағзым» тақырыбын қамтыған киіз үйде жаңа жоба таныстырылды. Аналарға тағзым орталығы жазда ашылып, мұнда қыздарға ұлттық тәрбие беріледі. Оқушылар іс тігуді, сән өнерін үйреніп, әжелердің өмірлік тәлімін алады.

«Аналарға тағзым орталығы еліміздің бойынша тұңғыш жоба болып тұр. Маусымда қолданысқа беріледі. «Қыз - елдің көркі» бағдарламасы аясында 7-17 жастағы қыздарға ұлттық тәрбие беріледі. Әдеп, сұлулық сыры үйретіледі. Үй жинау, тамақ әзірлеу, қолөнер бұйымдарын дайындаудың бәрін меңгереді. Сонымен қатар, еліміздің, өңірдің дамуына үлес қосқан қыз-келіншектердің, апаларымыздың өмір тарихын білуге болады. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде үлгі болар аналардың өмірі назардан тыс қалмайды. Бәрі музейде қарастырылады. Инновациялық залды ақпараттың бәрін электронды түрде алуға болады»,- деді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, киіз үйде «Ақтөбе» футбол клубы мен ақтөбелік спортшылар  кездесу ұйымдастырды. Қолөнер шеберлері өз бұйымдарын таныстырды. 

Соңғы жаңалықтар