Ақтөбеде керамикалық плита шығарылмақ

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2018 жылы Ақтөбе индустриялық аймағында құны, 9 млрд теңге болатын керамика мен керамогранит шығаратын жаңа зауыт іске қосылады. Облыстағы ірі инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа зауыт 2018 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі. «Зерде-Керамика-Ақтөбе» ЖШС зауытында 150 жаңа жұмыс орны ашылады. 

Сондай-ақ, Байғанин ауданында «Қожасай» кен орнындағы шикізат базасын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін газ дайындайтын кешен құрылысының басталатыны белгілі болды. Қайта өңдеу кезінде бұл жерден тазартылған және сұйытылған пропан-бутан техникалық газы, тұрақты газ конденсаты және түйіршіктелген күкірт алынатын болады.


Жобаның құны - 21,2 млрд теңге. Нысан биыл желтоқсанда пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

«Бұл жобалардың барлығы халықтың экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, бәсекеге қабілетті отандық өнім өндіруге бағытталған. Біз кәсіпкерлерге қолдау көрсетуіміз керек», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар