Ақтөбеде қаза болған полиция қызметкерін ақтық сапарға шығарып салды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе әкімдігін күзеткен Байбек Қарымсақовты бүгін ақтық сапарға шығарып салды. Туған-туыстары полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсағанына күмәнданып, қызмет орнын сотқа беруге шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Екі баланың әкесі Байбек Қарымсақов 8 қаңтар күні әкімдік жанындағы өткізу бекетінде өз-өзіне қол жұмсаған болатын. ІІМ Ақтөбе облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлап, сараптама тағайындалғанын мәлімдеген болатын.

Бүгін ақтөбеліктер полиция қызметкерін ақтық сапарға шығарып салды.

null

«Байбек жұмысына адал, ақкөңіл, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білген адам. Ол өзіне сенді, білімімен офицерлік санатқа өтті. Жазда кіші лейтенант шеніне ие болды. Күйеуімнің өз-өзіне қол жұмсағанына сене алмаймын.

«Ол құлағының түбінен тақап атқан, басынан шыққан» дейді. Бірақ арнайы өткізу бекетінің ішін көре алмадық. Оның терезесі де сынбаған. Сол күні ол маған телефон шалып, хабарласты. Күн сайын сағат 15:00-де ішкі тексеру болады. Ал інісімен сағат 16:00-де хабарласып тұрған. Сол кезде ол жүгірген адамдай жиі тыныстап тұрған. Оқиға да сол кезде тіркелген екен. Ал бізге түнгі сағат 21:00-де хабар берді. Сондықтан мен іске күмәнданып, сотқа беруге шешім қабылдадым. Артында қалған екі баласы үшін моральдық, материалдық шығын талап етемін»,- деді марқұм Байбек Қарымсақовтың жұбайы Бағдагүл Ермекқызы.
null

Айта кетейік, Қарымсақовтар отбасының мүшелері бауырларының полиция қатарынан кетуді ойлағанын жасырмады. Бірде күндіз, бірде түні бойы күзетке шығатын Байбек Қарымсақов отбасы жағдайына байланысты, денсаулығына орай жұмысынан сұранып көрмепті.

«Күйеуімнің сұрауы, іздеуі жоқ деп ешкім ойламасын. Мен полиция саласындағы бірнеше заңсыздықты айтып, сотқа шағым түсіремін. Екі балам үшін бәрін жасаймын»,- деді Бағдагүл Ермекқызы.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалды.
null 

Соңғы жаңалықтар