Ақтөбеде кәсіпкерлер жиі кедергіге тап болатын салалар анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкерлер жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы бөлімдері мен салық, мемлекеттік сатып алу жұмыстары кезінде кедіргілерге тап болады. Былтыр аймақтық кәсіпкерлер палатасы 200-ге жуық кәсіпкердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы 2017 жылды қорытындылады. Өткен жылы 184 кәсіпкердің құқығы қорғалған.

«Кәсіпкерлер жиі кедергіге тап болатын салалар анықталды. Оларға салық, мемлекеттік сатып алу жұмыстары әлі де қиын. Сонымен қатар, жер қатынастары, құрылыс, сәулет мемлекеттік мекемелеріндегі сұрақтары шешімін таппайды. Субсидия мәселесі де алаңдатады. Сұрақтардың шешімін тез табу үшін мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлерді кездестіріп, кеңес берілді», - деді Аймақтық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары міндетін атқарушы Руслан Күйшінов.  

Қазіргі кезде кәсіпкерлер палатасының өкілдері 56 кеңес беру ұйымдарының құрамында бар. Сонымен қатар, білікті есепшілер кеңес береді. Заңгерлер клубы ашылып, олар кәсіпкерлерге арнап арнайы мобильді байланыс желісін ашып қойды.

null 

Айта кетейік, ақтөбелік кәсіпкерлер палатасы жыл ішінде 184 бизнес иесінің құқығын қорғап, олардың 802 миллион теңгесін сақтап қалды. 

Соңғы жаңалықтар