Ақтөбеде қаланың 148 жылдығына орай марафон ұйымдастырылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер жаппай жүгіруге шықты. Қала халқы 3, 10, 21 шақырымдық қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының 148 жылдығына орай бүгін «Сенің марафоның - сенің жеңісің!» атты марафон өтті. Облыс әкімдігінің алдына жиналған қала тұрғындары 21, 10 және 3 шақырым қашықтықты бағындырды. Көбі жастар. Арасында ұзақ жыл бойы спортпен шұғылданып жүрген ардагерлер де бар.

«Бұл күнге алдын-ала дайындалып, жаттығу жасаған едік. Жаттықтырушылардың еңбегі еш кеткен жоқ. 10 шақырымдық қашықтықты бірінші болып бағындырдым. Демалыс күніміз өте сәтті өтті әрі денсаулыққа пайдалы. Биыл бірінші рет қатысып отырмын. Келер жылы бұл үрдісті жалғастырамыз»,- деді марафоншы Ғабит Қызаев.

null

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорттық шараға қала әкімі Ілияс Испанов, облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов қатысып, екеуі де үш шақырымды жүгіріп өтті. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар да 3 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

«Денсаулығы мықты адам ғана ел болашағы бола алады. Біз бүгін марафонға оқушыларды алып келдік. Олар жаппай жүгіруге шығып, өздерінің мықты екенін дәлелдеді. Жастардың спорттық шараларға қатысып, қаладағы қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытуы біздің ұйымшылдығымызды көрсетеді. Әрі бүгін Ақтөбенің 148 жылдығы тойланып жатыр. Жеңісімізді қаламызға арнаймыз»,- деді №13 орта мектеп директоры Асқар Күштаев.

null

Айта кетейік, марафонға 5 мыңнан астам адам қатысты. Ең кішкентайы 10 жаста, ал үлкені 82 жаста.

«10 шақырымдық қашықтықты 350 адам бағындырса, 21 шақырым қашықтықты 116 адам жүгіріп өтті. Марафоншыларды 14-35, 36-49 және 50 жастан жоғары деп бөліп, марапатталды. Жаппай жүгіруге арбаға таңылған екі адам қатысты. Екеуі де үш шақырым қашықтықты бағындырды. Туа бітті сал ауруына шалдыққан марафоншы Алмас 10 шақырым қашықтықты бағындырды. Олар жеке марапатталып, марафоншфларға алғыс хаттар тапсырылды»,- деді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров.

null

Соңғы жаңалықтар