Ақтөбеде ішкі сұранысты толық өтейтін кірпіш зауыты салынып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жылына 120 миллион кірпіш шығаратын зауыт салынып жатыр. Бұл ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысанды аралап, кірпіш зауытының құрылыс жұмысымен танысты. «Көктас Ақтөбе» АҚ-ның бас директоры Руслан Жақыповтың айтуынша, өндіріс орны маусым айында іске қосылып, алғашқы сынама өнім алынады. Жобалық қуаты - жылына 120 млн кірпіш. Зауытта жұмыс автоматтандырылған және цифрландырылған. Барлығы 60 жұмысшы кірпішті тиеу, тасымалдау жұмыстарымен ғана айналысады.
null null null 

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қалдықсыз әрі экологиялық таза өнім шығаратын зауыттың жұмысымен танысып, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін зауытты дер кезінде іске қосуды тапсырды. Инвестор зауытты салуға 7 миллиард теңге жұмсады. Ішкі нарықпен қатар, көрші облыстарға сату жоспарда бар.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы перинаталды орталық құрылысымен танысты. Жаңа медициналық емдеу мекемесі келер жылы пайдалануға беріледі. Перзентханада акушерлік және неонатология салаларындағы барлық емдеу шаралары жүргізіледі. Мұнда туабітті ауруға шалдыққан балаларға шұғыл ем жасалып, ана мен сәбиге күтім көрсетіледі. Жоба құны - 15,7 миллиард теңге.
null null 

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласы Жаңақоныс ауылындағы 300 орынды мектептің құрылысын қарап шықты.  Жоба құны - 915 миллион теңге. Мектеп жаңа оқу жылы пайдалануға беріледі. 

null 

Соңғы жаңалықтар