Ақтөбеде ірі қарадан бруцеллез ауруы шыққан соң ауыл тұрғындары тексеріліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Ойыл ауданында ірі қара малдан бруцеллез дерті анықталып, қазір тұрғындардан қан алына бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2011-2013 жылдары бруцеллез шығып, адамдарға жұққанын білемін. Соңғы оқиғаға байланысты бізде алдын алу шарасы күшейді. Қазіргі кезде малға шектеу қойылып, адамдардан қан алу жұмысы басталды. Санитар мамандар келіп, алдымен ірі қарасы бруцеллезге шалдыққан адамдарды тексеріп жатыр. Әзірге дерт жұқтырған адам анықталмады. Шын мәнінде, бруцеллез ауруы адамға жұққан кезде оның қызуы көтеріліп, өзін нашар сезінеді. Шағым айтып келген адам болмады»,- деді Шығанақ Берсиев ауылдық округіндегі амбулаторияның дәрігері Қайрат Алтымов.

Айта кетейік, 2013 жылы Ойыл ауданының Қаратал ауылында адамдардан бруцеллез дерті анықталды.

Соңғы жаңалықтар