Ақтөбеде І топ мүгедегі жабық аялдама жасау жобасын әкімге ұсынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында тұратын І топ мүгедегі Болат Халықбаев жабық аялдама жобасын жасады. Қысы қатты Ақтөбе өңірі үшін бұл аялдаманың әрқайсысы 4 миллион теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы үшін аялдама мәселесі өткір болып тұр. Себебі тұрғындар құны 1,5 миллион теңгеге бағаланған аялдамалардың желден, күннен, жаңбырдан қорғамайтынын айтып, шағымданып жатыр. Ал жергілікті билік қаланың орталық көшелеріндегі аялдамалардың эстетикаға сай екенін алға тартып отыр .   Ақтөбе агломирациясы туралы айтылған жиынға дайындалып келген І топ мүгедегі Болат Халықбаев қала әкімі Ілияс Испановқа жабық аялдама жобасын ұсынды.

«Ақтөбе қаласындағы аялдамалар еліміздің оңтүстік өңірі үшін өте ыңғайлы. Қысы қатты Ақтөбе өңірі үшін аязды күні жылы болатын аялдама керек. Мен жаңа жобаны үш ай бойы дайындадым. Аялдамада дәретхана, салқындатқыш болады. Қыста жылы, жазда салқын аялдаманың құны 4 миллион теңге. Мұны қымбат деп айтуы мүмкін. Бірақ бір дәретхана үшін 1,5 миллион теңге жұмсап, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосуды жоспарлаймыз. Бұл аялдама өз-өзін ақтайды. Әрі қауіпсіздік үшін бейнебақылау орнатылады. Бұл жерге барлығы 30 адам сияды. Күту залына бірнеше орындық қойылады», - деді кәсіпкер Болат Халықбаев.
null 

Аялдамаға тұрып, қоғамдық көлікке отыратын қала тұрғыны қыстың аязында автобус күту өте қиын екенін жасырмады.

І топ мүгедегі туабітті сал ауруына шалдыққан. Екі балдақпен жүретін жас жігіт бос отырмайды. Дизайн жасап, тың идеяларды қағазға түсіреді. Бұған дейін ол бірнеше старт-ап жобаларын ұсынып, байқауларға қатысты. Қазір дәріхана, аурухана, әлеуметтік нысандардағы бахил қорабын толықтырып жүр. Бұл жұмыс аса қиын емес, бірақ қосымша табыс бола алады.

«Мен ботаникалық бақ ашқым келеді. Ақтөбеліктер біздің ұсынысымызды қолдайды деп есептеймін. Жобаларымды кәсіпкерлерге апарып көрсеткен емеспін, бірақ байқауларға қатыстым. Жаңа, тың жобаларға әкімдік қызығушылық танытса, іске асыруға мүмкіндік бар», - деді Болат Халықов. 

Соңғы жаңалықтар