Ақтөбеде ерекше газ құю станциясы іске қосылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде газ станциясы іске қосылды. Еуро-5 халықаралық стандартына сай келетін метан газы 83 градусқа дейін қатпайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде ерекше газ құю станциясы өз жұмысын бастады. Құбыр арқылы келіп жатқан табиғи газ тазартылып, көліктерге құйылады. Жоспар бойынша газ бекеті үздіксіз, демалыссыз жұмыс істейді. Әрі шикізат тапшылығы болмайды.

«Ақтөбеде метан станциясы ашылды. Артықшылығы - экологиялық таза, көліктерден зиянды газ бөлінбейді. Әрі қоғамдық көліктердегі жолақы бағасын тұрақты ұстап тұруға септігін тигізеді. Қазір жанар-жағармай бағасы, сұйытылған газ құны әртүрлі. Бензин өсіп тұрады. Ал метанның бағасы өзгермейді. Себебі, метан табиғи газдан алынады. Станцияда сығымдалып, тазартылады»,- деді «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС департаменті директорының орынбасары Сағымжай Құдайбергенов.

Шағын зауыт магистральді құбырдан газ алып отыр. Кептіріліп, тазартылып, сығымдалады. Қазіргі литері 60 теңгеге сатылып жатыр.

Айта кетейік, көліктер мен қоғамдық автобустар метанмен жүруі үшін арнайы қондырғы қажет. Қазіргі кезде ресейлік компания жаңа құрылғыларды қондыру үшін өз қызметін ұсынды. Бұл қызмет жеңіл көліктерге 350 мың теңге, ал автобустар үшін 650 мың теңге болады. Ал жергілікті әкімдік автопарктердегі қоғамдық көліктерді метан газына ауыстыру жұмысын бастады. Жоспар бойынша келесі жылы 200 автобус метан газымен жүреді. Ал станция күніне 400 көлікке қызмет көрсете алады. 

null 

Соңғы жаңалықтар